Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Шалқия ауылының тұрғыны ақша жоғалғандығы жөнінде арызданады.

      Тексеру жұмыстары барысында туған інісі ағасының үйіне терезесі арқылы жатын бөлмеде тұрған сейфтің есігін бұзып, 12 миллион ақшасын алып кеткен.

      Көп ұзамай полицейлер ағасына арамдық ойлаған азаматты ұстады. Ол Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болғандығы анықталды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: