Kyzylorda-news.kz. Кез келген елдің әскері өзінің қару-жарағымен және санымен ғана емес, сонымен бірге әскери бөлімдердің жоғары жауынгерлік дайындығының маңызды элементтерінің бірі болып табылатын қатаң тәртіп пен заңдылықпен де бағаланады, дейді Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет капитаны  Н.Кишкенебаев.

Қазақстан армиясының мықты әскери тәртіпті және жеке құрамның жоғары моральдық - психологиялық жай-күйін сақтау Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген жалпы әскери жарғыларда бекітілген барлық дәрежелі командирлер мен бастықтардың негізгі міндеті болып табылады.

Бұдан басқа, 2010 жылдан бастап құқық тәртібін сақтау және нығайту, сондай-ақ «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» арнайы Заңмен бекітілген.

Әскерде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде әскери полиция, әскери прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және т.б. рөлі маңызды орын алады.

«Прокуратура туралы» Конституциялық Заңның 4-бабында көзделген  прокуратура органдарына жүктелген міндеттерді ескере отырып, әскери прокуратура қадағалаудағы әскери бөлімдер мен қылмыстық қудалау органдарының құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ осы іс-шараларға тікелей қатысады.

Бас әскери прокуратураның бастамасы бойынша әскери ведомстволармен 2010 жылдан бастап әскерлерде құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы бағдарламалық құжаттар табысты іске асырылуда.

Бағдарламалар ұзақ мерзімді перспективада армиядағы қылмыстың алдын алудың принциптері мен негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық сипаттағы құжат болып табылады, әскери қызметтің ерекшелігін, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіптің жай-күйін ескере отырып, оған сәйкес ведомстволық іс-шараларды әзірлеуге негіз болады.

2017-2022 жылдары «Әскерде қылмыс жоқ» атты бес жылдық бағдарлама жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда әскерлердегі құқық бұзушылықтардың профилактикасының 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасы енгізілді.
Оның мақсаты әскерлердегі қылмыстың, суицидтің, жарақаттанудың және әскери қызметшілер арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жыл сайынғы деңгейдің төмендеуі болып табылады.

Ағымды жылы әскери прокуратураның үйлестіруші рөлінің нәтижесінде гарнизонның әскери нысан басшылықтарымен және құқық қорғау органдарымен конструктивті қарым-қатынас қамтамасыз етілді, бұл жалпы заңдылық және құқық тәртібінің жағдайын заңға сәйкестендірді. 

Ағымды жылы гарнизон прокуратурасы әскери қызметшілердің өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін және жарақаттану деректерін алдын-алу сонымен қатар денсаулығы мен өмірін сақтауын қамтамасыз етуіне негізгі көңілді бөлді. Себебі бір адамның өмірінің қиуы бақылау қызметінің барлық позитивті нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін.  

Барлық санаттағы әскери қызметшілермен өзіне – өзі қол жұмсауға жеткізу салдары бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізіліп тұрады.  

Қызылорда гарнизонында барлық санаттағы әскери қызметшілер мен қызметшілердің саны өсуіне қарамастан, бағдарламаны сапалы орындауының арқасында ағымды жылы өзіне-өзі қол жұмсау деректері тіркелген жоқ. 

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілерді спорттық-бұқаралық шараларға тарту, діни істері жөніндегі мамандармен, банк секторларымен, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен  кездестіру ұйымдастыруды белсенді қолға алған.

Гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда.
Бас әскери прокуратура және Қызылорда әскери гарнизонымен әлеуметтік-экономикалық салада бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарының картасы әзірленген.

Бұдан басқа уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек заңнамасы мен конституциялық құқықтарын, оның ішінде еңбекақы төлеу бөлігінде бұзушылықтарға жол берілмеді. 

Қызылорда гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, әскери қызметшілер үшін қолжетімді орындарда «Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының Құқықтық бұрышы» стендтері орналастырылған, онда қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әскери прокуратураның сенім телефондары бар. 

Сонымен қатар, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен қадағалаудағы әскери бөлімдерде қызмет атқарып жатқан жас сарбаздардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Прокурор сағаты» тұрақты түрде өткізіледі. Әскери қызметшілермен кездесулер аясында анонимді сауалнама, әрбір әскери қызметшімен жеке кездесу жүргізіліп, кенеттен тыс дене тексерістері өткізіліп, қауіпсіздік сақтау, заң талаптарын орындау және барлық заңсыз әрекеттер бойынша гарнизонының әскери прокуратурасына жедел хабарлау туралы түсіндірме жұмыстары атқарылады. 

Әскери қызметті өткеруге байланысты мәселелер туындаған кезде азаматтар (ата-аналар, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер) Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасына Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, 2А мекенжайы бойынша және телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады: 8 (724)2-27-77-37.

1598107583_img-20200822-wa0023.jpg

Тағы да оқыңыз: