Kyzylorda-news.kz Бүгін Қарауылтөбе ауылдық округінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесуде Еркін Ахетов сөз сөйлеп, жолдаудың негізгі бағыттарына, атап айтқанда экономикалық даму, өнеркәсіп, білім денсаулық тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. Өз кезегінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Досмаханұлы Мемлекет басшысының жолдауына тоқталып, өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Жолдаудағы шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру туралы сұрақтарын қойып, ауыл әкімшілігі тарапынан оларға тиісті жауаптарын алды.

Тағы да оқыңыз: