Kyzylorda-news.kz  "Анаға тазғым" орталығында 10 қазан  – Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған мерекелік шара өтті.

Шара барысында бірнеше азаматқа «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» марапаты табысталды. Соның ішінде Әсия Жиенбаева мен Ерұлан Дәткеновтей қос әріптесіміз бар.

  ҚР Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін "Сыр медиа" ЖШС дизайнер орталығының басшысы Ерұлан Дәткенов "Құрмет грамотасымен" марапатталса, аға жарнама менеджері Әсия Жиенбаеваға Алғыс хат табысталды.

– Кәсіподақ жүйесінің мерейін тасытқан мерекелік басқасуда бірқатар сала мамандары марапатталды. Біздің де еңбекті елеп, құрмет көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Қызылордалықтарды, кәсіподақ ардагерлері мен белсенділерді мерекемен құттықтаймын. Еңбектері елеңе берсін, – дейді Ерұлан Балтабайұлы.

  Айта кетейік, еліміздегі кәсіподақтар ұйымы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған.

Әріптестеріміз марапат төрінен көрінді 1.jpg

Тағы да оқыңыз: