Kyzylorda-news.kz. Ел газеті «Egemen Qazaqstan» өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған «Үміт» конкурсын жариялаған болатын. «Тәуелсіздік – тұғырым» деген тақырыпқа арналған бас басылым бәйгесінің биылғы жеңімпазы «Атырау-ақпарат» ЖШС-на қарасты «Жаңа медиа» бөлімінің басшысы, жас журналист Нұргүл Ысмағұлова болды.
Комиссия мүшелері тәуелсіздік құрдасының атынан баяндалған, өмір шындығымен өрілген, оқырманды бірден баурап алады деп бағалаған эссе жанрындағы «Кішкентай ауылдағы үлкен оқиға» деген материалды бірауыздан бірінші жүлдеге лайық деп таныды.
Ал екінші орынды «Тірі теңізбен тілдесу» деген материалымен қатысқан «Сыр бойы» газетінің тілшісі, қызылордалық Ержан Қожасовқа беруге шешім қабылдады.
Өкінішке қарай комиссия мүшелері үшінші орынға ешқандай шығарма лайық емес деп шешті.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтпейді.
Жеңімпаздардың сый-сияпаты жеке шоттарына аударылады.