Kyzylorda-news.kz Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымызда әлі де өзекті мәселе. Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу қоғамда жиі кездеседі.

Мұндай мәселенің алдын алу мақсатында өңірде облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жұмыс атқарады. Бүгінде департамент сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы»  және Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдарына сүйене отырып өз өкілеттігі шеңберінде бірқатар жұмыстар атқаруда.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9 бабына сәйкес   ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Бұл ретте ішкі сауда субъектілері әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Осыған сәйкес Департаментпен жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерін сақтау бөлігінде кейбір нарық субъектілерінің сауда үстемесінің шекті мәнін асырып сатқан фактілер анықталды. Атап айтсақ, кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 19 кәсіпкерлік субъектілерінен заң бұзушылықтар анықталып,  Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабының 1 тармақшасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 кәсіпкерлік субъектілерінен заңбұзушылықтар анықталмады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өткен жылы тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы – 117өтініш келіп түсті. (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық - 73).  

− Осы жылдың 1 тоқсанында тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы – 117 өтініш келіп түсті. (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға жоғары, 73).  
Жалпы алғанда өтініштерге салалар  бойынша жүргізілген талдауда  72 өтініштің бөлшек сауда саласына келетіндігі немесе 61,5 пайызы (атап айтсақ, сапасыз тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, 14 күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша - 8 (6,8 пайыз – коммуналдық қызметтер үшін төлемді негізсіз есептеу, пәтер иелері кооперативтерінің тиісті деңгейде қызмет көрсетпеуі, электрондық сауда – 11 (9,4 пайыз – тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту), қоғамдық тамақтану – 5 (4,3 пайыз – сапасыз тамақ өнімдері, жарамдылық, сақтау мерзімдері) және де басқа салалар. 
Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 62-өтініш қанағаттандырылды, 3-өтініш түсіндіріліп, 44-өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде  тұтынушыларға барлығы 6,4 млн.теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. (2023 жылдың 1 тоқсанында – 1,2 млн.теңге) Есепті кезеңде департаментпен 12 нарық субъектісіне  тексерулер жүргізіліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, − дейді Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов.

Бұдан басқа, жыл басынан бері «Сапалы өнім» жобасы қоғамдық тұжырымдамасы аясында ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау мақсатында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында Ресей Федерациясында өндірілген сүзбелер (Простоквашино 2,5%), кілегейлі сүттер, ультрапастерленген сүттер, қаймақтар, балалар кондитерлік өнімі, шикі ысталған шұжық, сүт шоколады жабылған пешеней  (барлығы – 12 өнім) сауда үйлерінен сынақ өткізу мақсатында сатып алынып, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен сараптамадан өткізілген. Сараптама қорытындысымен 5 өнімнен, атап айтқанда қаймақ, сүзбе және шикі ысталған шұжық өнімдерінен таңбалаудағы сәйкестіктер және мемлекеттік тілде ақпараттар жоқтығы анықталса, қалғандары талаптарға сай келген. 

− Сонымен қатар,  айта кету керек заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Аталған заң жобасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды мемлекеттік биліктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді, − дейді Ерқасым Жайбергенұлы.

Бүгінде «Тауар қайтарылмайды немесе ауыстырылмайды» деген хабарламаларды кейбір сауда нүктелерінен көруге болады. Алайда бұл хабарламалардың қаншалықты заңды күші бар екенін тұтынушы біле бермейді. Тауардың қай жерде, базарда, арзан немесе қымбат дүкенде сатылғанына қарамастан, тұтынушы құқығын қорғайтын арнайы заңның барын естен шығармаған жөн. 
Фото: gov.kz

Тағы да оқыңыз: