Kyzylorda-news.kz. Әйел – нәзіктік пен сұлулықтың символы. Отбасының бақыты мен ұйытқысы. Қазір ер адамдармен тең қызмет етіп, жауапты қызметтерді мінсіз атқарып жүрген көптеген нәзік жанды қыз-келіншектер бар. Әсіресе, мемлекеттік қызметте, спорт саласында, ауыл шаруашылығында, тіпті, өндіріс орындарында абыройлы еңбек ететін қыз-келіншектер жетерлік. Солардың қатарында – Сандуғаш Арынқызын ерекше атап өтуге болады.

Сандуғаш Арынқызы 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Өртке қарсы департаментінен бастаған нәзік жанды аруымыз өртке қарсы қызмет капитаны шенінде де болған. Ол  бүгінде осы қызметтің Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы. Талай жасқа үлгі болған Сандуғаш Арынқызы жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастарға үйретуден еш жалыққан емес.

Құжат айналымында 14 жыл жауапты қызмет атқарған ол, мұқият болу және жедел әрекет ету жеткіліксіз деп есептейді. Жұмысына жауапты әрі байсалды қарайтын Сандуғаш Нұрмаханова түрлі хаттарды тіркеу, анықтама беру, жұртшылықтың арыз-шағымына құлақ асу сынды міндеттерді мінсіз орындау маңызды дейді.

Сандуғаш Арынқызы өмірлік жары Сайранбек Ұзақовпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Әр күнін бақытқа теңейтін Сандуғаш 8-наурыз мерекесін ерекше көңіл-күйде өткізетінін айтады.

Сондай-ақ, қызмет барысында бірнеше рет басшылық тарапынан алғыс хаттармен марапатталған Сандуғаш Арынқызы 2017 жылы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккердің дипломы және азаматтық қорғау органдарының мерейтойлық медалімен марапатталған.

Тағы да оқыңыз: