Kyzylorda-news.kz. Қазақстан бұған дейін де талай сыннан сүрінбей өткені белгілі. Коронавирус індетінің зардабын қазір бүкіл әлем тартып отыр. Бұл індет ел экономикасына да кесірін тигізбей қоймайды.

Сол себептен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде шешім қабылдап, төтенше жағдай жариялады. Бұл шешім аталған дерттің алдын алып, ұлт денсаулығын сақтап қалуға жасалған зор мүмкіндік.

Бүгін ел Президенті Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету үшін дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылданғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы отырыста: «Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ» деп атап өтті.

Міне, мемлекетіміз тарапынан атқарылып жатқан сан алуан жұмыстарға халықаралық қоғамдастық та оң бағасын беріп отыр.

Адамзат баласына төнген қауіпті тек ел болып, бірлескен күш-қуатпен тоқтатуға болады.

Жаратқан елімізді осындай індеттен аман алып шығарына кәміл сенеміз.

«Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ». Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды.

Ендеше бірлігімізді бекемдейтін кез жетті.

Әнес ӘУЕЗОВ,

еңбек ардагері

Тағы да оқыңыз: