Kyzylorda-news.kz.  Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қатер төндіретін фактор. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет, дейді Тасарық ауылдық округі әкімі Әлмұхан Кәрібаев.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорсыз мемлекет. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз, – дейді Тасарық ауылдық округі әкімі Әлмұхан Кәрібаев.

Округ әкімінің пайымынша, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу – олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Ал, Бозкөл ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бөлебей сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің дамуына зор тосқауыл дерт екендігін алға тартты. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Біз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал, шешімі күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ, бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да, парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де, жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қоғам болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана, ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

– Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана, адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады, – дейді Бозкөл ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бөлебей.

Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті.

– Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Себебі, әлеуметтің әлеуетін тежейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайласжемқорлыққа қарсы тұру қабілеті, – дейді Құмжиек ауылдық округінің әкімі Ә.Әбілов.

Мекеме қызметкерлеріне аппараттық жиналыстарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын жұмыс барысында сақтау, әдеп кодексі нормаларының қызмет барысында бұзылмауын, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау стандарттарының қатаң түрде сақталуы үнемі ескертіліп отырады.Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің әрбір азаматының адалдық пен адамдық борышы және адамгершілік міндеті деп білу керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті, жаңа Қазақстанды құру үшін негізгі бағыттарды айқын көрсетіп берген болатын. Соның бірі қазақ қоғамының ауыр дерті болып отырған сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу. Көшбасшының бұл жолды таңдауы өте дұрыс, өйткені сыбайлас жемқорлық мемлекет дамуына кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Өркениеттің өзегіне балта шаппас үшін заң бар жерде тәртіптің де болуы міндетті. Президент біреу болса халық оған тіреу болуы керек. Сыбайлас жемқорлықпен халық болып күресу табиғи заңдылық, басты міндетіміз бен парызымыз. Өйткені халық парақорлық дертімен жиі кездеседі.

– Сондықтан, қызмет ететін ортаға келген кезде пара беру мен пара алудың жолын кесуде баршамыз белсенділік танытып, күресуіміз керек. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметшілердің білім-қабілет деңгейлерінің өте төмен болуы да, құқық бұзушылыққа немқұрайлы қараулары да, жеке басының мүддесін көбірек күйттейтіндіктерін де, біліп тұрған заң талаптарын орындау кезінде ынта танытпаулары және т.б. жағдайлар да сыбайлас жемқорлықтың кең қанат жайып, тамырлануына әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Осындайдан сақ болуымыз керек.

Жоғарыда заң мен оның орындалу тәртібі туралы айтып өттік. Бұған аса мән беруіміз керек. Мысалы, мемлекетіміздегі бір ауданның бас есепшісі он миллион теңгені жымқырды деген айыппен алты жылға сотталуға үкім шыққан, ал республикаға танымал кәсіпкер тұлға жүз миллиардтаған мемлекетімізге зиян келтіріп, ол да алты жылға үкім кесілген. Айтпағым, жасалған қылмыстың арасалмағын анықтай отырып, жазаны соған қарай беруіміз керек деген пікірдемін, – деген пікірін жеткізді Аранды ауылдық округінің әкімі Әбілғазы Томаев.

Тағы бір мысал, ауданымыздың бір азаматы облыстық бір мекемеде қызмет істеп жүрген кезінде, осы сыбайлас жемқорлық дертіне байланысты әшкереленіп, республикалық "Заң" газетіне шыққан болатын. Оны ауданға шақырып, үлкен бір қызмет берілді. Сол қызметте жүргенінде, облыстық құқық қорғау мекемесі парақорлық жағдайға байланысты тұтқынға алынды. Егер әдепкі әшкере болған кезінде қызметтік тексеріс дұрыс жүргізіліп, тәртіптік жаза қолданғанда, аудан абыройына нұқсан келетіндей мұндай жағдай орын алмас еді.

Соңғы үш онжылдықта бұл дерттің қоғамды кеулеп кеткені сондай жастарымыздың түсінігінде "ақша бәрін шешеді " деген ой саналарын улап болды, болашағымыздың жастар екенін ойласақ, мемлекетіміздің басшысы құрып жатқан жаңа Қазақстанда мұндай зиянды әрекеттерге жол жоқ екендігіне нақты іспен жастарымызды сендіруіміз керек-ақ.

 Фото: wp-s.ru

Тағы да оқыңыз: