Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда бүгінгі күні қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және Интеграция министрлігі хабарлады.
“Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі 3 айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни “үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз”,- деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.
