*Kyzylorda-news.kz. Биыл мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік оңалтудың іс-шараларын оңтайландыруға бағыталған Әлеуметтік қызметтер порталы қолданысқа енгізілді.*

2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар қажетті барлық тауарлар мен қызметтерді осы портал арқылы алады. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында стационарлық жағдайда – 734, күндізгі бөлімшелерде – 257, Мүгедектерге арналған оңалту орталығында – 452 мүмкіндігі шектеулі жан арнаулы әлеуметтік қызметтер алуда. Сонымен қатар, 3 мыңға жуық ардагерге қызмет көрсетіледі.

100 жылдық тарихы бар әлеуметтік саланың қалыптасуына атсалысқан Қайруллаев Қорғанбек, Маселеева Майдан Аяшқызы, Максин Генадий Васильевич тағы да басқа апа-ағаларымыздың еңбегін бүгінгі күні қаншама мамандар жалғастыруда. Қызметкерлердің еңбектері еленіп, министрлік, облыс әкімі тарапынан марапаттар табысталды. Сала ардагерлеріне санитарлық талаптар сақтала отырып, сый-сыяпаттар көрсетілді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова.

Айта кетейік, облыста 860 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, 1242 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер үйде көрсетілуде.

Тағы да оқыңыз: