Kyzylorda-news.kz. Бүгін елорда төрінде өткен Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті ретінде салтанатты ұлықтау рәсімін тікелей эфирден тамашаладық. Бұл еліміздің тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі екен. Жеті ұлтымыз үшін қасиетті сан. Қазақ ырымға сенген, ата-салт арқылы ұрпақ тәрбиелеп отқан халық емес пе?! «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді, бұны біз жақсылыққа баладық. Әрине, жақсы ниеттен туған ырымшылдық таза сенімге жетелеп, рухани тегімізге жақындататыны ақиқат.

Осы ретте, рәсімде Президент халық сеніміне адал болу – өзі үшін қасиетті парыз екенін баса айтты.

Халқымның сенімі – маған аманат. Аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Иә, барша қазақ елінің алдында осылай ант берді. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзінен халықтың әл-ауқатын аттыру үшін барлық күш-жігерін, жиған білімін ел үшін қызметте аянбай тер төгемін деген адал ниетін байқауға болады.

Кеше саяси науқанды ел болып, абыроймен өткердік. Ендігі міндет халық болып осындай сәтте мемлекет басшысының жанынан табылып, қолдауымыз қажет. Ел дамуы жолында әрқайсысымыз аянбай еңбек етейік.

Кенжеғара Сүлейменов,
Жалағаш аудандық билер кеңесінің төрағасы
 

12.jpg 

Тағы да оқыңыз: