maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz  «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарымқабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген еді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. Шыны сол, жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді.

Қармақшы аумағында жастардың достық қарымқатынасын ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейрімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі емес діни жат ағымдарға жастардың, жұмыссыздардың тартылуының алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Ерікті болып, жақсылықта жарысып та жүр. Иә, «Жас келсе, іске», «Әрбір жастық шақ жүйріктікке толы» деген секілді тәмсілдер бекер айтылмаса керек-ті. Әрдайым болашақтың тұтқасын ұстап, кемел келешектің жаңашыл бастауы болатын – осы жастар.

Көпшілікті толғандыратын мәселе бар. Осы жастардың жайы қалай? Олар нендей жұмыспен айналысуда? Сауалға жауап іздеп аудандық Жастар үйінің жұмыс барысымен таныстық. Бүгінде Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығына Нұржұман Пірназаров басшылық етеді.
Жалпы Қармақшы ауданының халық саны 52500 адам болса, оның ішінде 14-35 аралығында жастар саны – 16622-ні құрап, жалпы халықтың  31,9 пайызын құрайды. 

Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығында бүгінде 8 адам қызмет етеді. Жастар арасындағы түрлі іс-шаралар мен жиындарды ұйымдастыруда Гүлжазира Маханова, Жолдас Ильясов , Рахат Бахытжан, Елдос Транай, Азамат Асылбеков, Ерболат Напбаев, Еркін Ибраевтар белсенділік танытуда. 

Өткен жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөлтек ықшам ауданында жалпы 51 баспананың 22 баспанасы толық берілген болса, оның ішінде 35 жасқа дейінгі 6 жасқа баспаналы болды. 

 Былтыр орталықтың жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен құқық бұзушылық, бос уақытын тиімді пайдалану, спорттық және мәдени іс-шаралар мен тағы да басқа әр түрлі бағытта – 281 іс-шаралар ұйымдастырылған. Оған 8000-нан аса жас қамтылған болатын. Сондай-ақ қазіргі уақытта Жастар орталығында Qadam kenes, Qadam qamqоr, Qadam qoldau жобаларын іске асырылып келеді. Жастарға кәсіби бағдар беру мақсатында 1.2.3... start жобасы жүзеге инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфир жүргізілуде. Қазақ спорт және туризм академиясы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университеті, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен жоғары оқу орындарына тікелей эфирлер жүргізіліп, жас түлектерге оқу орны туралы ресми ақпарат берілді, – деді орталық директоры Нұржұман Пірназаров. 

Сонымен қатар жастар орталығында «Қармақшылық» және «Qadam mura» жобалары аясында Жосалы кентінде орналасқан білім беру ошақтарында Қармақшы ауданының құрметті азаматтары Күлжауһар Раева, Асқар.Мереков, Алмат Қуанышбаев және Әділ Қошалақовтармен мектеп оқушылары кездесті. Кездесу барысында мектеп оқушыларына ата-ананы құрметтеу, салт-дәстүрді дәріптеу және патриоттық сезімді ояту бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 «Qadam» жастар орталығының ұйымдастыруымен Қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында 12 ауылдық округ және 2 кентке 150,000 теңгеден грант беріліп, грант нәтижесінде 11 теннис, 2 домбыра, 1 жылжымалы кинотеатр алынып, жастар үшін қызмет етуде.

 Жосалы кентінде «QADAM» Жастар ресурстық орталығының мамандары және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлермен бірлесіп жастар мен жасөспірімдер арасында «Есіркіге жол жоқ» акциясы, «Балалар түнгі қалада» түнгі рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Рейд жұмыстарында Жосалы кенті орталығындағы ойын-сауық орталығы, компьютерлік клуб иелеріне сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарына жасы кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салынғанына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орталық алаңда орналасқан ЛЭД экраннан құқық бұзушылықтың зардаптары турасында бейнероликтер әзірленіп, жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Былтырғы жылы жалпы 85 рейд ұйымдастырылса, ЛЭД экраннан 5 рет видео роликтер көрсетілген. Мұнан өзге республикалық «Jas Project» жобасы аясында ұйымдастырылған 1 000 000 теңге грантты  жастар орталығының сүйемелдеуімен пробация есебінде тұрған кент тұрғыны А.Сансызбайұлы қатысып жеңіп алды. Аудандық ішкі істер бөлімінің және жастар орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастарды бақылауға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, мемлекет тарапынан ұсынылған гранттарға қатыстыруға және спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында меморандумға отырдық, – дейді орталық директоры. 

«Qadam» жастар орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда «Tulga bol» акциясы өтіп, аудан жастарына түрлі сала бойынша кеңестер беріліп, акция аясында үздіктер марапат төрінен көрінді. 

Дін және Жастар тақырыбында Қармақшы аудандық «Қармақшы ата»мешітінің бас имамы Рахат Қожановпен аудан жастарына теріс діни ағымнан және экстермизм мен тероризмнің қоғамға аса қауіпі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қармақшы аудандық «Qadam» жастар ресурстық орталығында мемлекеттік бағдарламалар насихаттау және орталықтың қызметтері бойынша консультацияларды тікелей кеңес алған 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 7000. Оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша – 350 жас, кәсіпкерлік бағыты – 155 жас, теннис үйірмесіне келушілер – 690 жас, дебат ойындары бойынша – 200 жас, әлеуметтік желілер арқылы  – 5385, «Игротека» жобасы бойынша – 220 жас.

Мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында насихаттау мақсатында кент және ауылдық округі бойынша 120 кездесу өткізілді. Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Ашық есік күні» аясында түрлі сала мамандарының кеңестері медециналық қабылдаулар, психологиялық кеңестер, бос орындар жәрмеңкесі жастарға ұсынылды. Жәрмеңке аясында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Бауырсақ PARTY», «Кітап сыйла» акциясы және жастар арасында спорттық сайыстар өткізілді.

Халықаралық жастар күні мерекесіне орай, аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан жастарының ұсынысымен «МАРАФОН» сайысы болып өтті. Марафонға аудан жастары арасынан 150 ге жуық жас қатысып, жүзден жүйріктер марапатталды.

Жастар орталығының ұйымдастыруымен Қармақшы аудандық аграрлы техникалық колледжінің студенттері арасында «Жастар коммитеті» құрылып, жастарға кеңестер мен түрлі бағыттағы іс –шаралар ұйымдастырылып, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Мұнан өзге «Жайдарман» ойындарының маусымашары аудандық Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйіннен бастау алды.  Жайдарман ойындарының 4 кезеңі болып өтіп. Әр кезеңнен өткен қатысушы топтарға жолдама мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Финалға 5 команда жолдама алып Аудан әкімінің кубогы ойынға тігіліп, үздік өнер көрсеткен Шоқан Уәлиханов атындағы №26 мектеп құрамасы 2023 жылдың чемпион атанып аудан әкімінің кубогі мен «Адина» сауда орталығының демеушілігімен 50 000 теңге қаржылай сыйлық жеңіп алды.

Жастар орталығының ұйымдастыруымен жастарды әскери-патриоттық сезімін ояту мақсатында «Жас сарбаз»патриоттық қозғалысы құрылды. Одан бөлек, «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті» атты жастар форумы өткізілді. Форум аясында «Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы» және «Кәсіп ашу және жүргізу» тақырыбында  жастар ісі жөніндегі мамандары, ерікті жастар және жас кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
«Қаржылық қолдау алу мүмкіндіктері» тақырыбында гранттар экспері Ә.Көшербаев жастарға семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар жыл көлемінде өз салаларында белсенді жұмыс жасаған және жоғары жетістікке жеткен жастарды облыс әкімі, аудан әкімі, басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапаттап, «Qadam» жастар сыйлығы табысталды.

16-34 жас аралығындағы аудан жастарын маусымдық жұмыспен қамту мақсатында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаның «Жасыл ел» жобасы бойынша жұмыстар толығымен жүзеге асырылып, 201 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.

Тағы да оқыңыз: