Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Ақай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңадан бой көтерген денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын қадағалады. Құрылыс жұмыстарын уақытында орындамаған мердігер мекеменің жұмысын қатаң сынға алып, нысанды қысқа мерзім ішінде халық игілігіне беру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар үшін ең өзекті мәселелердің бірі Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерін жалғастырып жатқан Бармин көшесінің қазіргі жай-күйімен танысты. Биыл аталған көшеге инфрақұрылым тарту жұмыстарына бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, көктем мезгілінде асфальт төсеу жұмыстары басталатын болады.

Одан кейін, Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің жұмысымен танысып, онда жыл беру мауысымының өту барысымен және балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына бақылау жасады.

Сапар соңында, аталмыш елді мекендегі «Таза қазақстан» акциясы аясында атқарылған санитарлық тазалық жұмыстарын бақылады. Ауыл әкіміне жұмыстарды одан әрі күшейтіп, жасыл белдеуді дамыту жөнінде тапсырмалар берді.

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: