Kyzylorda-news Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттардың жай-күйін көрді.

Аудан басшысы алдымен Жалаңтөс Баһадүр атындағы орталық стадионға барды. Аудандық дене тәрбиесі,спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітовке орталық стадиондағы жыртылған жасанды газондарды қайта қалпына келтіру, спорт бөлімі ғимаратының сыртын әктеу, қоршауларын сырлау жұмыстарын жасап, санитарлық тазалыққа қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Әлеуметтік нысандар 2.jpg

Мұнан соң №288, 165, 216- шы мектептер мен Қазалы спорт клубы, 5-ші кварталдағы кенттік кітапхана және Қазалы теміржол ауруханасына барды. Аталмыш мекемелердің басшыларына өз аулаларына ұжыммен бірге сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың санитарлық тазалығына байланысты кемшіліктерін сынға алып, тез арада қайта қалпына келтіруді ескертті.

Әлеуметтік нысандар 3.jpg

Тағы да оқыңыз: