Kyzylorda-news.kz Партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Қармақшы ауданда болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Жосалы кентінің мөлтек ауданына газ жүргізу құрылысын зерделеді.
«AMANAT» партиясы білім берудің қолжетімділігін арттыруды өзінің 5 жылдық Сайлауалды бағдарламасында нақты қамтыған болатын. Партия филиалының төрағасы бағдарлама айқындалған мінддеттердің орындалуын нақтылау үшін алдымен Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде болды. Мұнда студенттердің еш кедергісіз білім алуы үшін ондағы білім сапасы, материалдық - техникалық жағдай, мамандар жеткіліктігі, жатақхана барлығын көрді.
Мұнан соң, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен аудан орталықтарында салынып басталған «Руханият» орталығы құрылысы, кент ішілік мөлтек аудандарға жүргізіліп жатқан газ тарту жұмыстары басында болып, әлеуметтік маңыз бар нысандардың құрылысының сапалы және уақытылы аяқталуын тапсырды.
Наурызбай Байқадамов мониторинг барысында бюджеттен бөлінген әрбір қаржының тиынына дейін сұрауы бар. Бұл халықтың қаржысы. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жүргізгенде өзімнің ұрпағым, ағайын-туысым тұтынады,- деп жауапкершілікпен қарау керектігін тілге тиек етіп, мұны тиісті органдар да, «AMANAT» партиясы да тікелей бақылауда ұстап отырғандығын атап өтті.
