Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау, сондай-ақ жылыту маусымын кедергісіз аяқтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының техникалық жағдайы, күтіп ұстау мәселесіне қатысты жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Тағы да оқыңыз: