Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рустемов, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл партияның сайлауалды жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл ғимаратты пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың шілде айына жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері ғимаратты аралап, жұмыс қарқыны мен құрылыс материалдарының сапасын тексерді.
«Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шиелі ауданы, Шиелі кентінде салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының жобалық құны 582 991 000 теңге. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Промстройсервис.Е» ЖШС-гі жеңімпаз атанып 551 259 600 теңгеге келісім шарт жасалған.
Республикалық бюджеттен 523 991 000 теңге,
Жергілікті бюджеттен 27 893 000 теңге.
Құрылыс ұзақтығы – 12 айды құрайды.
Авторлық қадағалаушы - «Крез-Сервис» ЖШС-гі.
Техникалық қадағалаушы - «НұрӘлемҚұрылыс» ЖШС-гі.
Қазіргі уақытта құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып келеді – мердігер.
Құрылыс жұмыстарын аралап көрген фракция мүшелері бірқатар мәселелерге назар аударды.
«Мердігерлер нысанның құрылысын мерзімінде аяқтауы тиіс. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоғары деңгейде жүргізілуі маңызды. Сонымен қатар, сапасы барлық стандарттарға сай болуы керек» - деп атап өтті фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов.