Kyzylorda-news.kz  «AMANAT» партиясының облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және комиссия мүшелері өңірлік Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Партиялық бақылау тобы алдымен қаланың сол жағалауында салынып жатқан 100 келушіге арналған 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысы жұмыстарын көрді. Аурухана құрылысы өткен жылы басталды. Келісім бойынша 2025 жылы аяқтаулы тиіс. Қазір мұнда партиялық бақылау бекеті орнатылған.

Жалпы өңірде партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы осы мақсатта елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Жақында Қызылорда қаласының Досан елді мекенінде медициналық бекет, Баймұрат батыр ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Бүгінгі күні аталмыш нысандар ел игілігіне қызмет етуде.

Мұнан соң мониторингтік топ «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысы басында болды. Білім ордасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Партиялық бақылау тобы мүшелері құрылыс сапасына қатысты пікрлерін білдіріп, мердігерлер ұсыныстарын тыңдады. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті сала өкілдерімен жұмыс жасалатын болды.

Атап өту керек, ұлттық жоба аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынады. Өткен жылы 6900 орындық 10 мектептің құрылысы басталса, биыл 5400 орындық 11 мектеп құрылысы жүргізілмек.

Тағы да оқыңыз: