Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп жатқан қоғамдық топтың жұмысы ары қарай жалғасуда.

Партияның Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы бүгінде халықты толғандырған – бағаны тұрақтандыру мәселесіне баса назар аударды.

Аталған топ "МАГНУМ", "АНВАР" ірі сауда нысандарында болып, күріш, қант, ұн, сүт өнімдері сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықталды. Тауарлар күн сайын сауда нүктелеріне жеткізілуде. Салыстырмалы түрде қарағанда адам қарасы үзілмейтін "МАГНУМ" сауда дүкенінде қарақұмық бағасы "АНВАР" дүкенінде бағадан 10 теңгеге қымбат. Ал қант "АНВАР" сауда желісінде тиімді бағамен сатылуда.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын бақылауға ала отырып бақылау-кассалық аппараттарды пайдаланып бағаны тексеру жүргізілді. Бағаны негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек «Зерде» дәріханасындағы дәрі –дәрмектердің бағасы қаншалықты тұрақты және қолжетімді екені бақыланды.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

347603316_650411883791118_2008111507250210463_n.jpg

 

347410938_650411540457819_9192592090000760648_n.jpg

Тағы да оқыңыз: