Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары мен сала мамандары азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жұмыс тобы мүшелері бағаны тұрақты ұстау мақсатында сауда орындарын аралап, кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шекті межеден асырмау, әр тауардың бағасын нақты әрі көрнекі түрде көрсету, өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.

Тағы да оқыңыз: