Kyzylorda-news.kz. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылады. Портал әлеуметтік-еңбек саласында біріңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүммкіндігін беретін автоматтандырлыған жүйе болып табылады.
Осы орайда Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ЭЦҚ қажет екенін ескертеді.
“Қазан айынан бастап барлық мүмкіндігі шектеулі оның ішінде жеке оңалту бағдарламасы (ИПР) бар азаматтарға шұғыл түрде қала бойынша ХҚКО-ның филиалдары және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінінде орналасқан өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы міндетті түрде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алуы қажет”, – делінген аталған бөлімнің хабарламасында.