Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы қаулысымен "зейнетақы беру жөніндегі мемлекеттік орталық"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.Құрылым зейнетақы жинақтарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында жасақталған еді. 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» болып бекітілген болатын.

Осыған орай бүгін «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымы сала қызметкерлерінің мерекесін атап өтті. Мерекелік жиында сөз алған филиал директоры Аида Абибуллаева әлеуметтік қызметкер тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірлі жан екенін де айтып өтті.

«Күн сайын зейнеткерлерге, жан жылуын күтетін қамкөңіл жандарға, көп балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келесіздер.Ұдайы даму үстіндегі қоғамымызға Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қажет-ақ. Өздеріңіз жылдар бойы, әр күн сайын атқарып келе жатқан бұл жұмыс үлкен құрметке лайық», - деді филиал директоры Аида Ибрагимқызы.

Сала ардагері Сұлтанбек Махамбетов те әлеуметтік сала қызметкерлері қоғам жанашырына айналу керек деген пікірін ортаға салып, мереке иелеріне өз тілегін жеткізді. 

Мерекелік жиында мәртәбелі қызметтерін мінсіз атқарған 24 қызметкер марапат биігінен көрінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Құрмет» грамотасымен 3 қызметкер, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың «Алғыс хатымен» 7 маман, «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік Одағы» Қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен 2 адам марапатталды. Сонымен қатар, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ертілеу Жалғасбаевтың «Алғыс хатын» 2 қызметкер, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Гүлсім Денееваның «Алғыс хатыг» 2 маман, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының «Алғыс хатын» 7 маман иеленді.

Айта кетейік, филиалдың әлеуметтік сала қызметкерлері облыс бойынша ай сайын 512 мың 263 төлем алушыға 21 млрдтеңгеден астам  төлем төленуіне ықпал жасайды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күні барлық қызметтердің 54%-ы электрондық форматқа ауыстырылған.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 15.02.47.jpegWhatsApp Image 2022-10-28 at 15.09.37 (1).jpegWhatsApp Image 2022-10-28 at 15.02.47 (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: