Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен бюджет қаражатының игерілуі және негізгі макрокөрсеткіштердің уақтылы орындалуы мәселесіне қатысты жиын өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстарда әлі де кемшіліктер бар екенін атап өткен аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштерін орындау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтудің маңызды екенін баса айтты.

– Жылдың аяқталуына екі ай уақыт қалды. Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамиканы жыл соңына дейін сақтап қалу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырыңыздар. Әрбір көрсеткіштің айма-ай орындалуына аса мән беріп, облыстық басқармалармен, аудандық статистика бөлімімен тығыз жұмыс жасау маңызды. Сондай-ақ экономикалық көрсеткіштерге жеке-дара талдау жасап, жоспарлы индикаторларға жетудің нақты шараларын қарастыру керек, – деді аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы.

Сонымен қатар бюджет қаражатын игеру де күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екенін атап өтті. Қаржы игеруде төмен көрсеткіштерге жол бермеу керектігін алға тартып, жауаптыларға қатаң ескерту жасады.

– Әріптестер, қазіргі таңда бюджеттің жағдайы күрделі. Бюджет қаражаттарын шұғыл игеру бойынша тиісті шараларды қабылдауымыз қажет. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі тиіс. Он айдың қорытындысымен бюджет қаражатын игеруде төмен көрсеткіштер орын алған жағдайда жауапты лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатын болады, – деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, алдағы бірқатар міндеттерді пысықтаған аудан әкімі әрбір сала бойынша ахуалды ұдайы назарда ұстап, оң көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Бюджет 2.jpg

Тағы да оқыңыз: