Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысына арнайы келген әлемге танымал блогерлер Дастан Мұхамедрахым мен Джо Хаттаб (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, тарихи-мәдени нысанмен танысты.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тарихи және мәдени орындар туралы деректі фильмдер түсіріп жүрген блогерлер Қорқыт ата кешенінің сәулеттік келбеті мен рухани маңызына ерекше қызығушылық танытты.

Кездесу барысында Қорқыт ата ескерткішіне тағзым етіліп, бабаның рухына құран бағышталды. Сондай-ақ халқымыздың рухани мұрасы мен тарихи жәдігерлерін жинақтаған музеймен танысты.

Айта кетейік алдағы уақытта танымал контент авторлары Байқоңыр ғарыш айлағында болып, аймақтың туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға таныту мақсатында деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылорда қаласына арнайы келген әлемге танымал блогерлер Дастан Мұхамедрахым мен Джо Хаттабқа (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) қайта жаңғыртылған Президент саябағын таныстырған болатын.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
