Kyzylorda-news.kz Желіде танымал ресейлік блогер Михаил Литвиннің 1700 метр биіктікте футбол ойнаған видеосы қолданушыларды таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Михаил Литвин 1700 метр биіктікте футбол алаңын орнатып, доп тепкен сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ерекше түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Литвин видеоның астына Криштиану Роналдуға:
“Пікір қалдыруыңызды сұраймын” деп жазған.
Фото: Видеодан скрин
