Kyzylorda-news. Тілдің кең таралуы әдетте оны білудің қаншалықты тиімді екеніне және оның географиялық локациясына байланысты болып келеді. Тіл қанша танымал болғанымен, аталған тілде жалпы сөйлеушілер саны мен оны туған тілі санайтындар саны сәйкес келмей жатуы да мүмкін.

Төмендегі кестеде әр тілде жалпы саны қанша адам сөйлейтіні және оны туған тілі санайтын адамдар саны көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша, сөйлеушілердің жалпы санының көптігінен бірінші орынға ағылшын тілі жайғасқан. Екінші сатыда Мандарин Қытай тілі болса, үштікті хинди тілінде сөйлеушілер қорытындылайды. Ең әдемі саналатын испан мен француз тілдерінде сәйкесінше 534 миллион және 280 миллион адам ойын жеткізе алады екен. 6 мен 7-ші сатыларда араб және бенгал тілдері орналасқан. 258 миллион адам тіл қатыса алатын орыс тілі 8-ші орында. Португал мен индонезия тілдері кең тараған тілдер ондығын қорытындылайды.

Ал қай тіл қанша адамның ана тілі саналатынын төмендегі кестеден көре аласыздар:

Екінші кестеден, кең таралған тілдер тізімінде екінші болып тұрған Мандарин Қытай тілінің алдыңғы қатарға шыққанын көреміз. Ал бірінші кестеде 4-ші сатыны місе тұтқан испан тілі оны ана тілі санайтындар тізімінде екінші орында. 379 миллион адамның бойына ағылшын тілі ана сүтімен дарыған. Одан кейін хинди, бенгал, португал, орыс, жапон тілдері орналасса, 9-шы және 10-шы сатыларда біз естіміген Батыс Пунджаби мен Маратхи тілдері бой көрсетеді. 

Бұл кестеде қазақ тілі қай сатыға тұрақтаған? 

Жоғарыда көрсетілген иллюстрация бойынша, қазақ тілінде сөйлей алатындардың жалпы саны мен оны ана тілі есептейтіндердің көрсеткіші тең түседі. Яғни, екеуі де – 12,934,060. Осылайша, “Әлемде ең көп таралған 100 тіл” рейтингінде қазақ тілі 89-орынға жайғасқан. Генеологиялық жіктелуі бойынша туыстас келетін түрік тілі 20-орын, өзбек тілі 54-орын, әзірбайжан 82-орынға тұрақтаған.

Baq.kz

Тағы да оқыңыз: