Әкімдіктен үміткер: Ауылды қолдайтын кез келді – Kyzylorda News
Басты бет

Әкімдіктен үміткер: Ауылды қолдайтын кез келді

21.07.2021, 16:40

433 0

Kyzylorda-news.kz. Ауыл әкімдерінің сайлауына «Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарымен ауылдарды аралап, бағдарламаларымен таныстырып жатыр. Солардың бірі Серік Сейдуалиев  Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округі әкіміне үміткер.

Кандидаттар бағдарламаларының негізгі бөлігі «Ауыл» партиясының платформасы мен Жарғысына сәйкес келеді. Олар – ауыл инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік мәселелер, жұмыссыздықпен күрес, агроөнеркәсіпті дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету сынды кезек күттірмейтін проблемаларды шешу бағдарламаларының негізгі бағыты.

«Ауылдың азаматы деген абыройлы атқа лайықты болу үшін ауылда туып-өсіп, оның тұрмыс тіршілігін түсініп, адал еңбекті қадірлей білу қажет. Туған өлкенің экономикасын дамытып, әлеуметтің қажеттілігін өтеу ауыл азаматының қолынан келетін іс. Ендеше ауыл әкімінің сайлауына келіп, нағыз ауылдың азаматына дауыс беріңіз. Ауылды қолдайтын кез келді», – дейді Серік Сейдуалиев.  

0

Пікір қалдыру