Фото: kursiv.media
Kyzylorda-news.kz. Жақындарының сөзінше, туған әкесі оларды ауруханаға емес, жалға алған пәтерге апарып ойына келгенді істеген екен. Ал балалардың кішісі жаздан бері менингит дертіне шалдығыпты. Ауыр қылмыс жасалған уақытта ұлдардың анасы қайда болған? Азаматтың туған балаларына қастандық жасауына не себеп? Сұмдық жағдай “Информбюрода” жарияланды.
Табытқа қарап тілдері күрмелген жандар екі балапанмен дәл бұлай қоштасқандарына сене алар емес. Қара жамылған отбасы мүшелерінің айтуынша, әкелері төртінші қаңтар күні жаз мезгілінде менингит ауруына шалдығып екі құлағы естімей қалған 8 жасар ұлы мен жеңіл жарақатын көрсетемін деп үлкен ұлын ауруханаға алып кеткен. Бірақ, ақ халаттыларға кеткен балалар ақтық сапарға аттанады деп еш ойламадым дейді 88 жастағы ұлдардың әжесі Валентина Осина. Сол күні кешке тәртіп сақшылары үйіне келіп ауыр хабарды жеткізіпі.
Күйеу балам маған әрқашан былапыт сөздер айтатын. Балаларға мені итеріңдер, қоқысқа апарып тастаңдар дейтін. Ол менің шөберелерімді жақсы көрген емес. Осыған дейін он рет тәртіп сақшыларын шақырғанмын. Олар маған басқа жаққа көшуімді ұсынды. Бірақ мен немерелерімді қимадым. Енді ауруханаға алып кетіп ажал құштырып отыр. Жазалануы тиіс, - деді марқұм балалардың әжесі Валентина Осина.
Жақындарының сөзінше әкесі балаларды ауруханаға апармаған. Қаладан үй жалға алып, сол жерде ойына келгенді істеген дейді. Жаңа жыл қарсаңында ғана осы үйге келіп кіші ұлының сыйлығын берген кезде бәрі жақсы еді дейді сыныптасының әжесі.
Осыдан біраз уақыт бұрын ғана Рафаэльді Жаңа жылымен құттықтауға келгенбіз. Сол уақытта дертіне қарамастан бізді қуанып қарсы алғаны әлі де есімді. Әкесі баласын емдететін орын тапқанын айтқан еді. Біз бәріміз әлі-ақ қатарға қосылып кетеді деп үміттенген едік. Бірақ, мына сұмдық төбемізден жай түскендей болды, - деді марқұмның сыныптасының әжесі Алена Габриелова.
Осында ұзақ уақыттан бері тұрған көршілері болса, үйдің иесі әжесі дейді. Және кейуана мен күйеу баласы арасындағы ұрыс-керістің жиі болатынын растады. Еш жерде жұмыс жасамайтын ер адам әйелі мен енесінің тапқанына күн көріп жүрген дейді. Қанша ұрыс болса да екі баласына қол көтереді деп еш ойламадық деп отыр.
Балалар осы үйде дүниеге келді. Көз алдымызда өсті. Тіл алғыш, өте ақкөңіл балалар еді. Бұл енесінің үйі. Ешқашан жұмыс істемеген күйеу баласы бір кездері бөліп алмақ та болғанын естігенбіз. Бірақ оның ішімдік ішкенін көрген емеспін, - деді көршісі Людмила Голубенко.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлайды. Сараптамалар тағайындалды.
Жақындары сол күні марқұм балалардың анасы жұмыста болған дейді. Оқиғаға не түрткі болғанын өздері де әлі күнге дейін білмей дал. Ал, туыстары ер адамның қазір жарақатпен ауруханада жатқанын айтады. Тәртіп сақшылары бұл іске байланысты тергеудің басталғанын хабарлады, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше ағайынды балаларды жер қойнына тапсырған жақындары, тергеу әділ жүріп, кінәлілер жазасын алсын деп отыр.