Kyzylorda-news.kz Қазалы халқы бүгінгі республикалық науқанда белсенді. Олардың қатарында Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Әкелер» ұйымының мүшелері №84 референдум учаскесіне ұжымдасып келіп, дауыс берді.
– Мемлекетіміздің болашағына әсер ететін, жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күнде көпке үлгі болып, ұжымдасып келуді жөн санадық. Себебі, әрбір қазақстандықтың таңдауы мен берген дауысы елдің болашағы үшін маңызды, - дейді олар.