Kyzylorda-news.kz Қалалық № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен  Абай атындағы үш тілді дарынды баларға арналған мектеп оқушыларының қатысуымен қазақ халықына шешендігімен аты қалған  Әйтеке би Байбекұлының – 380 жылдығына арналған «Әйтеке бидің ақ жолы» атты тарихи кеш өтті.

Іс-шара барысында журналист, ақын, Қазақстан жазушылар одағы Қызылорда обылыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова  Өзбекстан жеріне барып Әйтеке бабамыздың Нұрата тауының етегінде мәңгілік мекен тапқаны жайында өзінің журналтстік жолында атқарған үлкен еңбегі туралы өскелең ұрпаққа мол мағлұмат берді.

Сонымен бірге Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, «Ұстаз мәртебесі»  газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына байланысты жыл басынан бері өтіп жатқан іс-шаралардың маңызы және Әйтеке бабамыздың өмірі мен шешендік сөздері болашақ жастарға үлгі өнеге болып үлкен рухани байлық беретіні жайлы айтып өтті.

Шараға Қызылорда обылыстық  филормониясы, Жыраулар үйінің дәстүрлі орындаушысы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Әділхан Қуаңбаев, Абай атындағы ДБА мектебінің тарих пәнінің мұғалімі  Асқар Шарманов қатысып, Әйтеке бидің еңбегі мен өмірі ұдайы өскелең ұрпаққа тереңдетіліп оқылуы керек деді.

Тарихи кеште жастар да өз білген-түйгендерін ортаға салып, Әйтеке би Байбекұлы туралы тың ақпараттарды білді.

d9d94f4c-f053-4b27-b629-251c4c9f8d0d.jpg

Тағы да оқыңыз: