Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы дұрысталып келеді. Өткен жылы 75 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы брифингте айтқан болатын.

Атап айтсақ, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Әйтеке би-Басықара, Қожабақы-Бекарыстан би, Басықара-Абай-Өркендеу, Бекарыстан би- Майдакөл, Қожабақы-Бекарыстан би-Майдакөл,Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, жақсы жағдайдағы жолдың үлесі85 пайызға жеткізілді. Биыл тағы  аудандық маңыздағы 4автомобиль жолдарын жөндеуден өткізілмек. Олар: Мұратбаев ауылына кіреберіс,Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Қожабақы-Бекарыстан би, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей автомобиль жолдары. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңгебөлінді. Әйтеке би кенті мен Басықара ауылы арасындағы көпір құрылысы толық аяқталды. Ал «Қарлаң» көпірінің құрылысын жалғастыруға бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.
 

Тағы да оқыңыз: