Kyzylorda-news.kz. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі.

Осыған байланысты, 2022 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Жалағаш ауданы аумағында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясы өткізілуде.

Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында іс-шаралар өтеді.

Жалпы, іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен жалпы халықты таныстыру.

Акция барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Ішкі істер органында есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау және есепке алу жоспарлануда, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу.

Бұл акция мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады.

«Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Дереу Жалағаш АПБ сенім телефонына «102» хабарласыңыз», – дейді Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ұлбосын Ахметова. 

Осы орайда, Жалағаш аудандық білім бөлімі, аудандық прокуратура, Жалағаш Апб-нің бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры А.Есжанов, АПб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ұ.Ахметова, аудандық аурухана психологы А.Есмағанбетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Серікқазының қатысуымен, 8-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық кездесу болып өтті. 

Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, жастар арасында белең алған қылмыс пен құқық бұзушылықтың түрлеріне талдау жасалып, оқушыларға бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, мезгілсіз жүрмеуге, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеуге, т.б кеңестер берілді. Әлімжеттік жасау, зорлық-зомбылық пен топтық төбелестің арты заң жолымен жазаланатынын ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 

317067930_851949922612298_6744076824659176469_n.jpg

Тағы да оқыңыз: