Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданында партияның аудандық филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Маркетинг және қаржылық сауаттылық – әйелдер бизнесінің негізі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Гаухар Исмаилова, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысындағы өкілі Балдырған Мәмен, «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Нұргүл Бақымова, ЖК «ARIGOK тәттілері» директоры Арайлым Тлеубай және психолог-тренер Назира Аймаханова қатысты.

Іс-шара аясында Әйелдер қанаты мүшелерінің қолөнер бұйымдары мен өндірілген өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, «Кітап-AMANAT» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды.

Семинар барысында әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты жетілдіру бағытында мазмұнды баяндамалар жасалып, партияның әйелдер саясаты, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлікті қолдау және «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктері жөнінде спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар кәсіпкер әйелдердің табысқа жету жолдары мен бизнесті дамытудағы маркетингтің маңызы кеңінен талқыланып, қатысушыларға әйелдер психологиясына қатысты арнайы тренинг те ұйымдастырылды.

Жиын соңында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталып, «Кітап-AMANAT» жобасы аясындағы білім сайысының жеңімпаздары арнайы сертификаттармен марапатталды.

Әйелдер кәсіпкерлігі семинар.jpg

Тағы да оқыңыз: