Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жаңақорған ауданында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәуелсіздік жолында күрескен азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында Адырбек Сопбеков атындағы аудандық кітапханада желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты танымдық іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов , аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Әзия Қыстаубаева, ардагер Серік Мұсабай, желтоқсан оқиғасына қатысушылар Саяуыш Төлегенов, Жарылқасын Бердіманов және Динаш Ахметова қатысты. 

Жиында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен аудандық кітапхана директоры Ә.Тлеубергенова «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында хабарлама жасады. Агротехникалық колледж студенттерімен болған кездесу іс-шарасында желтоқсан оқиғасына қатысушылар өз естеліктерін айтып, Тәуелсіздіктің құндылығына тоқталып өтті. 

Сондай-ақ, тақырыптық бейнеролик ұсынылып, жас өнерпаздардың бағдарламасы тамашаланды. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, аудан әкімдігінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
 

19.jpg

Тағы да оқыңыз: