Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы Текей батыр Карпықұлы атындағы жоғары колледжде «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шараға 200-ге жуық студенттер мен оқытушылар қатысып, қоғамдағы жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары жөнінде пікір алмасты.

1«Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында кездесу өтті.jpg

Жиынға Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров модераторлық жасады. Ол өз сөзінде:

– Озық ойлы ұлт болу үшін қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруымыз қажет. Әрбір қазақстандық «адал азамат» деген атқа лайық болуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы жауапкершілік пен әділеттіліктің маңызын үнемі атап өтеді. Бұл қасиеттер ең алдымен жас ұрпақ бойынан табылуы керек, – деді.

Кездесуде «Мырқы қажы» мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің аға сарапшысы Жанболат Досмаханов жастарға тағылымды ойлар айтты. Олар адал еңбек, ар-ұят пен адамгершілік қағидаттарының қоғам дамуы мен ел бірлігіне ықпалын атап өтті.

2«Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында кездесу өтті.jpg

Президентіміздің: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар» деген сөзіне сүйене отырып, қатысушылар адал еңбектің, парасаттылық пен әділеттіліктің ел болашағындағы рөліне тоқталды.

3«Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында кездесу өтті.jpg

Кездесу соңында жастар қоғамда адалдық пен әділеттілікті насихаттау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, ел болашағы үшін игі істерге атсалысуға үндеді.

Тағы да оқыңыз: