«Әділет» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Үйтолған Жареке Қызылжарма ауылдық округінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның Қызылорда облысын 2031 жылға дейін дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңір тұрғындары үшін өзекті әлеуметтік мәселелерге тоқталды.
Әсіресе халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үйге мұқтаж, баспана кезегінде тұрған азаматтар аз емес. Әр отбасы үшін жеке баспананың болуы – тұрақтылық пен тұрмыс сапасының маңызды көрсеткіші. «Үйі бардың – күйі бар» дегендей, тұрғын үй мәселесін шешу халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды міндеттердің бірі.

Осы орайда Үйтолған Жареке «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылда облыс көлемінде 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті көзделгенін атап өтті. Оның сөзінше, партия осы жоспардың жүзеге асуына ықпал етіп, тұрғын үй құрылысын дамытуға және азаматтардың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған жұмыстарға атсалысады.

Сонымен қатар кандидат сайлауалды бағдарламада жергілікті жолдардың сапасын жақсарту, инженерлік-коммуналдық желілерді жаңғырту, өңір экономикасын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары қамтылғанын жеткізді.

Қала инфрақұрылымына қатысты жоспарлар қатарында су құбыры желілерін жаңарту, Талдыарал елді мекенінде қосымша ұңғыма орнату, биологиялық тазарту станциясын жаңғырту, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерін жақсарту жобалары бар.

Кездесу барысында Үйтолған Жареке тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар 29 қарашада өтетін сайлауда «Әділет» партиясын қолдауп дауыс беруге шақырды. 

Тапсырыс беруші: Базартай Н.Ж.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді  ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

IMG-20261102-WA0019.jpg

Тағы да оқыңыз: