Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жиын өтті.
Жиында сөз алған Қызылорда облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Еңбек кодексі», Әдеп кодексі заңнамаларының қатаң сақталуын және заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу бағытында нақты шаралар қабылдау керектігіне атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптары да ескертілді.
Жиын соңында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатов дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің әрбір фактісіне мұқият талдау жасау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды, қызметкерлер арасында басшылардың өз бағыныштылары үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.