Kyzylorda-news.kz.   «AMANAT» партиясы облыстық филиалында облыстық Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Асанхан Жұбатханов «Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында қала тұрғындары тұрғын үй кезектілігі, көшелердегі асфальт жолдары және салық төлеу қажеттіліктері жайлы тақырыптарды қозғады.

Тұрғын үй кезектілігінде тұрған азаматшаға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кезектіліктің жылжу барысында заңға қайшы әрекеттер байқалған жағдайда шағым білдіру жолдары түсіндірілді.

Ақшабұлақ көшесінде асфальт жол төсеу жұмыстары бойынша Е-Өтініш платформасы арқылы жазбаша өтініш беру жолдары айтылды. Көше тұрғындары атынан ұжымдық өтініш берілсе, мәселе партияның бақылауында болатыны жеткізілді.

А. Жұбатханов салық төлеу туралы өтініш бойынша Салық Кодексінің нормаларын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер органына жазбаша өтініш білдіріп, салықтық берешіктің пайда болу себебін анықтау керектігін жеткізді.

Өтініші қанағаттандырусыз қалдырылса ҚР ӘҚБтК 96 бабы бойынша сотқа жүгініп, төлемді алып тастауға болатыны айтылды.

Сонымен қатар, тақырыптық қабылдаулар аудан орталықтарында да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

«AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалында қалалық прокуратураның прокуроры Мусаев Еркін Набиулы және кәсіби медиатор Серікбаева Сәуле Жиеналиқызы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қазалы аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облыстық жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Мая Казмамбетова тақырыптық қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар түрлі тақырыптағы мәселелерді көтерді. Әрбір азаматтың мәселесі жіті қаралып, заң аясында заңгерлік көмек көрсетіліп, кеңестер берілді.

405483283_744914697674169_3608512229538157882_n.jpg

Тағы да оқыңыз: