Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жастардың әлеуметтік санатын анықтау бойынша адрестік жұмыстарды жүргізуге Жаңақорған ауданына табан тіреді.

Зерттеудің негізгі мақсаты – талдама жұмыстарын жүргізу, өзара іс-қимыл деңгейін анықтау және NEET санатына жататын жастардың мемлекеттік жастар бағдарламаларына қатысуы, сондай-ақ жас халық құрылымында осы санаттың санын азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу барысында орталық мамандары 5 топқа бөлініп, Жаңақорған кенттегі Алтынсарин, Қорғантоғай аумақтарындағы жастармен жүзбе-жүз диалогтар жүргізіп, арнайы дайындалған сауланаманы әрбір отбасындағы жасқа толтырды.

Алдағы уақытта, жүргізілген сауалнама бойынша жастар зерттеліп, назарға алынатын болады.

Сонымен қатар, жастардың өңірлік нақты дерекқорын әзірлеуде жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатындағы жастарды анықтау жұмыстары кент және аудан әкімдігімен бірлесіп, 134 көше бойынша жалғасады.

Зерттеу жұмыстары барлық карантиндік талаптарды сақтай отыра жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: