Kyzylorda-news.kz. Кездесулерде, жалпы халықпен байланыс жасау барысында партияға электронды қолтаңба, яғни ЭЦҚ-сыз (ЭЦП) кіру мүмкіндігі туралы көптеген ұсыныстар түскен.
Азаматтардың басым бөлігінде электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе жеке тұлғаны тексеру үшін NCALayer бағдарламасын қолтаңбасыз жүктеу мүмкіндігі жоқ, кейбірі үшін техникалық мүмкіндіктер болмай отыр. Қалыптасқан жағдайды ескере келе «ADAL» партияға кіру процесін жеңілдету туралы шешім қабылдады. Ол үшін:
1. «Партияға қосылу» қосымша бетіне өткен соң, қысқаша сауалнамада өзіңіз туралы қысқаша мәліметті толтыруыңыз керек.
2. Сауалнаманы толтырғаннан кейін азаматтың ұялы телефон нөміріне верификацияны орындау үшін, яғни, өтінім берген адамның жеке басын растау үшін смс-код жіберіледі.
3. Толтырылған өтініш партияның қарауына жіберіледі, содан кейін адамға қайта тексеру үшін партияның call-орталығынан қоңырау түседі.
4. Өтініш беруші азаматтың жеке басын растағаннан кейін жергілікті филиалдан кеңесшілер партияға қосылған адамның қолын алу үшін сауалнамада көрсетілген мекенжай бойынша келеді. Қолтаңбаны алғаннан кейін партияға кіру процесі аяқталған болып саналады.
