Kyzylorda-news.kz. Қызылорда тұрғындары да көптеген проблемалық мәселелерді көтеруде. Ол мәселелер туралы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Мақсат Толықбай, Ғалымбек Жақсылықов және Алмасбек Садырбаев өңірді аралап білді.
Жиында партия өкілдері қатысушыларға сайлауалды бағдарлама туралы ақпарат беріп, ресми сайттың қолдану аясын таныстырды. Кездесуге облыс тұрғындары қатысып, партия құрамы мен алдағы жоспарына қатысты толғандырған сауалдарын қойды.
Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қаржылық көмекпен халықты көбірек қамту керек деп санайды. Сондай-ақ олар халықтың әлеуметтік осал санаттары өкілдерінің тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаға қаражаттың жетіспеуі, шағын қалалар мен ауылдарда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуы өте әлсіздігін атап айтты. Жайылымдық жерлердің болмауы, тегін медицина енгізуді, ЖОО-да оқу 60% практикалық сабақтардан болуы, жұмыс орындарының көбірек ашылуы сынды күрмеуі көп меселелерді ортаға салды.
