Kyzylorda-news.kz.  Тереңөзек кентінің әкімі Бахтияров Ержан Бахтиярұлы 13 шілде күні «Адал көмек» жобасы аясында жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдау  өткізді. Жоба барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмектер көрсетіліп, кеңестер берілді.

"Адал көмек" жобасының мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады. «Біздің жоба бастапқыда әлеуметтік осал топтарға арналған еді. Бірақ біздің жобаға тек қана осал топтар емес, әртүрлі адамдар хабарласып, кеңес алып жатыр. Түпкі негізгі мақсатымыз – осал топтарға көмектесу. Бірақ менің түсігінімше, заңда осал деп танылған тұлғаларға ғана емес, қиын жағдайға тап болған барлық адамға көмек берілуі қажет» дейді жоба жетекшісі жобаның мақсатын түсіндіріп.

Аталған жоба аясында жұмыстар бідің ауданда да атқарылып келеді. Кент әкімінің қабылдауында тұрғындар өз сұрақтарына жауап тауып, емін еркін сұхбат құра алды. Сондай-ақ көкейдегі мәселелерін жеткізіп, тиісті жауап ала алды.

«Толғандырған мәселені айтып, көкейдегі сұраққа жауап таптық. Халыққа жасалған қолдау, жоба аясында өткен жеке қабылдау көпшілікке ұтымды болды» дейді кент тұрғыны.

Тағы да оқыңыз: