Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада кездесу өтті.
Кездесуде «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» тақырыбы кеңінен ашылып, оның қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.
Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшылары, Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Мұхтар Ибраев, Ерсұлтан Есов, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері қатысты. Спикерлер адалдықтың әрбір азаматтың өміріндегі рөліне тоқталып, еңбекқорлық пен шынайылық қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізгі құндылықтары екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясында сұрақтарын қойып, адалдық қағидаттарын күнделікті қызмет пен қоғам өмірінде жүзеге асыру жолдарын талқылады.
