Kyzylorda-news.kz «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшылары, облыстық ҚХА жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Бауыржан Үсенбаев пен Жанболат Досмаханов қатысып, қоғамдағы адалдық құндылықтары, еңбек мәдениеті және адал табысқа жетудің маңызы жөнінде пікір білдірді.

Кездесуде вандализм мен құмар ойындары сияқты теріс әрекеттердің салдары талқыланып, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің жеке тұлға мен қоғам дамуы үшін шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

Шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында адалдық қағидаттарын насихаттау, еңбекке адал көзқарасты қалыптастыру және жастарды өнегелі өмір салтына баулу болып табылады.

Тағы да оқыңыз: