Kyzylorda-news.kz  2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай Қызылорда қаласында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу өтті.

Қызылорда қаласында «Торғай-Петролеум» АҚ қызметкерлерімен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы (PhD) Дәулет Омаров, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Мақсұт Нәлібаев, сондай-ақ «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» филиалының төрағасы Наталья Мишукова қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап көрсеткен «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты кеңінен түсіндірілді. Қоғамда әділдік, жауапкершілік және өрлеу құндылықтарын орнықтырудың маңызына ерекше назар аударылды.
Спикерлердің айтуынша, бұл қағидат әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналған жағдайда еліміз әділетті, бірлігі бекем әрі болашағы жарқын мемлекетке айналмақ. Сонымен қатар жастарды адал еңбек етуге, адал жолмен табыс табуға және ел дамуына белсене үлес қосуға шақырды.

540932420_4160597637592718_2282972609913912448_n.jpg

541009431_4160597554259393_2784083847235936549_n.jpg

Тағы да оқыңыз: