Kyzylorda-news.kz И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен колледж студенттері қатысты. 
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров «Қуатты өңірлер − ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, кітапхана ісін дамыту маңыздылығына тоқталды. 

− Қазіргі интернет, әлеуметтік желіге деген тәуелділік қоғамның кітапқа деген қызығушылығына әсер еткені сөзсіз. Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі. Жастарымыздың әлеуметтік желіге емес, кітапқа үңілгені жақсы болар еді. Өйткені, мына заман біліктілердің заманы. Білікті болу үшін білім керек. Ал білім тек кітап оқу арқылы адам бойына дариды»,− деді.

«Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» деген болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте АТТ, ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев және ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Мәдина Жүсіпбекова құмар ойын, ұрпақ тәрбиесі, жастарды адал еңбекке баулу, құқықтық мәдениет тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. 

Шара соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.


322d3509-f8f2-492c-b271-702c6840226e.jpg

Тағы да оқыңыз: