Kyzylorda-news.kz  Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің іс жүргізуші инспекторы Абат Роза Жүнісқызын құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған жиын өтті.

Тағылымды шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Роза Жүнісқызының саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет саласына арнап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегі жайында айтып өтті.

Зейнет жас иесінің көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Ауданның ең жоғары наградасы «Құрмет грамотасын» табыстап, арнайы сый-құрмет көрсетті.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап 40 жылдан астам уақыт аудан әкімдігі жүйесінде табысты еңбек етіп, кәсібилігімен, жауапкершілігімен және адамгершілік қасиетімен ұжым арасында зор құрметке ие болған азаматшаға жылы лебіздерін жеткізді.

Өз кезегінде Роза Жүнісқызы арнайы қабылдап құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысы мен азаматтарға және ұзақ жылдар бірге қызмет атқарған ұжымдастарына алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: