Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентінде жүргізіліп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтқанда, кент көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту, сырлау және әрлеу жұмыстары бақылауға алынды. Аталған жұмыстар жергілікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы жүзеге асырылуда.

Жаңарған тұрғын үйлер кенттің сәулеттік келбетін жақсартып, көшелердің көркін аша түсуде. Өз кезегінде тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғыстарын жеткізді.

Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі жүйелі жүргізіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта да кент орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

«Абаттандыру – тек сыртқы көріністі жақсарту емес, тұрғындарға жайлы, қауіпсіз әрі көрікті орта қалыптастырудың маңызды негізі», – деді Айтбай Насриддинұлы.

Тағы да оқыңыз: