Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімдігінде аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, "Әділет" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бүгін Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жол қозғалысы қауіпсіздігінқамтамасыз ету - жергілікті атқарушы органдардың, полицияның, жол ұйымдарының, білім беру және басқа да мүдделі мекемелердің бірлескен әрі жүйелі жұмысын талап ететін маңызды бағыт.

Осыған байланысты Үкімет деңгейінде қойылған міндеттерді аудан көлемінде сапалы іске асыру, тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – деді аудан әкімі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Аудан аумағындағы жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» аудандық полция бөлімі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Досым Абуов хабарлама жасады.

Мәжілісте аудандағы автомобиль жолдарындағы авариялық қауіпті учаскелерді анықтауға, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты өткізу, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кент орталығында атқарылып жатқан абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының орындалу барысы  бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Шиелі ауданы мәжіліс отырысы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: